Атырауда елдімекендердің 80,4 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған

«Ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 98,9 пайызға жеткізіледі» деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов. ​ ​ ​ ​

​ ​ «Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

«Биыл аяқталатын жұмыстардың нәтижесінде 4 елді мекендегі 1​ 500 адам таза ауыз сумен қамтылады. 7 елді мекенде ауыз су тапшылығы жойылып, 12​ мың адам үздіксіз сумен қамтамасыз етіледі. Осылайша, ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 98,9 пайызға жеткізіледі» деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Қазіргі таңда облыстағы ауылдық елді мекендердің 80,4 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылып отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT