Атырауда «Қазақстанның үздік тауары» атты көрме-байқауы өтті

Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев және өзге де құрметті қонақтар мен көрмеге қатысушылар тауар өндірушілердің өнімдерін аралап, оны жоғары бағалады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. 

- Қазір біздің елімізде үлкен маңызды жобалар өнімді өңдеу саласында. Мемлекет тарапынан қазіргі кезде көптеген орта және шағын бизнеске қолдау көрсету мақсатында ұлттық жоба бекітілген. Атырау облысы да соңғы жылдары осы бағытта еліміздің дамуына үлкен үлесін қосып келеді. Қазір облыста 170 мыңнан астам кәсіпкер тіркелсе, оның 400-ден астамы тауар өндірушілер. Осындай іс-шаралар кең көлемде ұйымдастырылып келеді. Нәтижесінде облыстан жыл сайын жаңа өңдеу кәсіпорындары ашылып жатыр. Әр өндіруші кәсіпорындар осылайша   жұмыстарын көрсетуде. Көрме барысында тіптен Қазақстанда жоқ өнімдер шығарған кәсіпкерлермен де танысып отырмын. Ол біз үшін үлкен мақтаныш. Кәсіптеріңіз дами берсін. Атырау облысымыздың бренд ретінде танылуына тілектеспін,- деді М.Мурзиев. 

 

Ал облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Сүйінбаев өңірлік кәсіпкерлер көрмені көрсетумен ғана шектелмейтінін айтты. Оның сөзінше, байқау ретінде ұйымдастырылып, жарыс жеңімпаздары да анықталады. Жалпы «Қазақстанның үздік тауары» конкурсы бойынша көрме-байқауға 60-тан астам бизнес субьектісі өтінім берген. Оның 55-і қазір жарысқа қатысып отыр.

 

- Биылғы көрменің ерекшелігі — қатысушылардың саны өте көп. Мәселен, былтыр 40-қа жуық адам қатысса, биыл 60 адам өтініш беріп отыр. Тағы бір ерекшелік — «Атамекен» тарапынан «Бір ауыл, бір өнім» көрмесін өткізіп жатырмыз.«Бір ауыл, бір өнім» бойынша  30  қатысушы өзінің өтініштерін білдірді. Қазір әр аудан, ауылдардан 28 адам келіп, қатысып жатыр. Жалпы барлығын қосқанда 80-нен астам қатысушы бар деп есептеуге болады,- деді Н.Сүйінбаев. 

 

Сондай-ақ ол, биылғы көрме байқауын өткізудің форматы өзгертілген жеткізді. Байқауға қатысушылар ертеңгі өтетін  жәрмеңкеге де қатысып, тауарларын сатуға үлкен мүмкіндік алып отыр. 

 

Өңірлік көрмеге жалпы 80-нен астам қатысушы  қатысты. Онда ұлттық нақыштағы киімдер мен су, сүт, ірімшік, консервленген ет өнімдерін де кезіктіруге болады. Мұнда Қазақстанда әлі де шығарыла қоймаған эксклюзивті өнімдер де кездесті. Ол сиыр, тауық, балық сүйектерінен жасалып, мұздатылған тағамдық коллагенді сорпасы.

 

- Коллаген сорпасы адам денсаулығына пайдалы, түрлі ауруға ем. Үзбей ішсеңіз сүйектеріңіз қатайып, қартаю процесін де бәсеңдетеді. Иммунитетіңізді күшейтіп, суық тию мен бронхит белгілерін жеңілдетеді,- дейді «Аspir.kz» ЖК директоры Жанар Әжіғалиева. 

 

Көрме-байқаудың қорытындысы бойынша «Ең үздік өнім өндіруші» аталымы бойынша, «JM KZ» ЖШС,«Borkit Safety LLP» ЖШС, «KUANYSH» ЖК марапатталды. 

 

Сондай-ақ,«Халыққа арналған үздік тауарлар» аталымы бойынша «Global Textile Manufacturing» ЖШС,«Достық»  пен «Аймурзаева Г.П.» жеке кәсіпкерлігі ие болды. 

 

«Ең жақсы тағам өнімі» номинациясы бойынша «Абылай-хан» ЖШС мен «GIANSAR COMPANY» ЖШС және «Найзабеков» ЖК ие болды. 

Одан әрі «Бір өнім, бір ауыл» номинациясы бойынша да бірнеше үздіктер  марапатталды. 

 

Айта кетейік, «Қазақстанның үздік тауарлары» көрме байқауынан 9 қатысушы іріктеліп, республикалық сайысқа жолдама алады. Ал «Бір өнім, бір ауыл» номинациясы бойынша 10 қатысушының ең үздіктері анықталып, комиссия іріктеуінен өтеді. Кейін Астанаға жіберіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT