Атырауда кандидаттың үгіт-насихат жұмыстары белсенді жүруде

Әділетті экономика. Бұл Президеттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының басты қағидаттарының бірі. Яғни, негізгі мақсат – азаматтардың, кәсіп пен мемлекет мүддесін қорғауға бағытталған экономика құру. Саланың өрістеп, өркен жаюы – ел дамуының басты көрсеткіштерінің бірі. Қуатты, дамыған елге айналудың негізгі ұстанымы екені сөзсіз.

Бүгін облыстық қоғамдық штаб мүшелері Қанатбек Қасымғалиев, Абзал Мақсотұлы, Арман Хайруллин «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның қызметкерлерімен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Саяси науқанныңмән-маңызы, үміткердің сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары, халықтың әл-ауқатын арттырудың жолдары айқындалған іс-шаралар туралы айтылып, өңір үшін өзекті саналатын тақырыптар да қамтылды.
«Алдымызда - үлкен саяси науқан. Биыл бірінші рет заңға өзгерістер енгізіліп, Президент өкілеттілігі 7 жыл және бір мерзім болып бекітілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы жан-жақты, бірнеше тақырыптарды қамтыған. Негізгі ұстаным Әділеттілік. Тәуелсіздік алғанымызға 30 жылдан асса да түбегейлі шешімін таппаған кейбір мәселелер әлі де бар. Мұнай саласында еңбек ететіндіктен, ұлттық қор қаражатының игілігін халық көруі тиіс деген ұстанымды терең түсінеміз. Кен орындары, кластарлер құру бағытында да жеке кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндіктер туындайды. Демек, ірі трансұлттық компаниялар ғана емес, шағын кәсіпкерлік нысандарын дамыту, сол арқылы өзімізге қажетті заттарды шығаруға жол ашылмақ. Шындығы керек, біз көп жағдайда шет елден, көршілес Ресейден келетін тауарларға мұқтажбыз. Алдағыуақытта сол жұмыстарды өзіміз іске асыратын мүмкіндік туады, қолдау білдіріледі. Яғни, экономиканы дамытуға жол ашылады» деді штаб мүшесі Қанатбек Қасымғалиев.

Ал, Арман Хайруллин жыл басынан бері инфляция көлемі 19 пайызды құрағанын, оны индексациялау туралы мәселенің көтерілгені ашықтыққа бетбұрыс екенін атап өтті. Қоғамда шынайылық болса, мәселелерді оңтайлы шешуге жол ашылатынын да жеткізді. Экология саласының белсендісі су мәселесінің де облысымыз үшін маңызды екенін атап, негізгі проблемаларды да жария етті.
Кездесу қорытындысында бірлік пен тұрақтылық сынды ұстанымдардың ұлтымыз үшін үлкен мәнге ие екенін атап, әлемдік геосаяси ахуал ушыққан тұста бұл ұғымдар айрықшалана түсетіні де сөз болды.

Штаб мүшелері сайлауға белсенді қатысу, азаматтық ұстанымдарын айқын білдіру арқылы ел дамуына үлес қосатындарын жеткізіп, кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT