АТЫРАУДА «ХАЛЫҚ ЖАДЫНДА ҚАЛҒАН ҚАСІРЕТТІ ЖЫЛДАР» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде өткен тағылымды басқосу Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай ұйымдастырылды.

Ел тарихының ақтаңдақ беттерінде қасірет пен қайғының табы қалған найзағай жылдарды еске алып, келелі ой өрбітуді көксеген шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев, жергілікті ғалымдар, тарихшы зерттеушілер, өлкетанушылар мен Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының ұрпақтары қатысты. 
Басқосуды сөз сөйлеп ашқан М.Мурзиев бұл күннің мән-маңызына тоқталып өтті.
-    Жалпы, ашаршылықтың зардабы ұлтымыз үшін өте ауыр болғаны белгілі. Бұл бағытта ашылмаған ақиқаттар мен жазылмаған жайттар әлі де аз емес. Миллиондаған адамдардың өмірін алған, қаншама халықтың басына қара жапқан сол қасіретті жылдарды есте сақтау, зерттеу, жас ұрпаққа жеткізу біздің азаматтық парызымыз деп білемін. Бүгінгі дөңгелек үстелдің маңызы да осы, - деді ол.
Жиын барысында тарихшылар мен зерттеушілер тарапынан тақырып аясында бірнеше баяндамалар жасалып, саяси репрессия құрбандарын ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның ағымдағы кезеңдегі жұмысының қорытындылары тыңдалды.
Сонымен қатар, басқосуда профессор, тарих ғылымдарының кандидаты Жұмазия Жұмабаеваның монография еңбегінің тұсауы кесілді. 

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521