Атырауда мәдениет қызметкерлері марапатталды

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында аталмыш саланың бірқатар қызметкері марапатталды, деп хабарлайды Атырау облысы коммуникациялар қызметі.

Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова өңір мәдениеті мен өнерін өрге сүйреп жүрген сала қайраткерлерін құттықтап, облыс әкімінің марапатын жеткізді.

- Мәдениет саласының ардагерлері, майталман мамандарын облыс әкімі Досмұхамбетов Махамбет Жолдасқалиұлының атынан шын жүректен құттықтаймын. Халыққа мәдени, рухани қызмет көрсетіп, елдің ризашылығын алып жүргендеріңіз – шынайы еңбектеріңіз. Дәрігерлер адамның тәнің емдесе, сіздер жанына шуақ болып жүрсіздер, – деді Бақытгүл Хаменова.

Сонымен қатар, сала мамандарына «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілері мен Құрмет грамоталары және «Талант» сыйлығы табыс етілді. Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының актеры Бекет Зинуллин республикалық «Махамбет» атындағы сыйлықпен марапатталды.

- Бұл мәдениет пен өнер саласындағы айтулы марапаттардың бірі, өңір өнерпаздары үшін ерекше мәртебе. Барша мәдениет қызметкерлерін мерекелерімен құттықтаймын, – деді актер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT