Атырауда «Объектив – менің әлемім!» атты фотокөрме өтті

Облыстық «Atyraý» газетінің 100 жылдық мерейтойы аясында басылымның фототілшісі, республикалық, облыстық шығармашылық байқаулардың жеңімпазы Ерлан Алтыбаевтың 50 жасқа толуына арналған «Объектив – менің әлемім!» атты фотокөрмесі өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шара барысында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешев «Atyraý» газетінің 100 жылдық мерейтойымен және фотокөрменің ашылуымен құттықтады.
Аталған фотокөрмеге барлығы 120 фотосурет қойылды. Олар мұнай-газ өнеркәсібі, табиғат қорғау, Атырау өлкесі мен журналистикасының тарихы, тағы басқа тақырыптарға топтастырылған. Сондай-ақ, көрмеде тек қана Ерлан Алтыбаевтың фотолары ғана емес, облыстық «Atyraý» газеті редакциясының қорындағы бұған дейін жасаған фото тілшілердің де еңбегі көрсетілді. Көрме бір апта бойына Ш.Сариев атындағы өнер музейінде тұрады. Келіп көрем деушілерге есік ашық.

-Бұл жерде фототілшілерді дәріптеп отырған себебіміз, фото тілші – газет саласында, телевизия саласында – оператор, сондай-ақ дизайнер, бұлар журналистиканың мәнін, сәнін, әрін келтірертін мамандар. Біз тілшілер қауымы кейде бүкіл журналистиканы өзіміз жасап жүргендей көретініміз бар. Бірақ шындап келгенде егер дизайнер, монтажер, фототілші немесе телеоператор болмаса журналистиканың ешқанай сәні келмес еді. Сондықтан, біз осы бағытты ұстандық және алдағы уақытта журналистикадағы қосымша мамандықтарды дәріптеуді мақсат етіп отырмыз,- деді Н.Қосшиев.


Айта кетейік, 2023 жылғы 1 сәуірде «Atyraý» газетіне 100 жыл толады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521