АТЫРАУДА ПАРА-ХОККЕЙДЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА АЛҒАШ РЕТ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗД

Халық қаһарманы Хиуаз Доспанова атындағы мұз сарайында өткен шеберлік сағатына Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісу мақсатында өңірімізге арнайы ат басын бұрған ұлттық құрама сапына барша атыраулықтардың атынан ризашылығын жеткізді. 

2 сағатқа жуық уақытқа созылған шеберлік сағаты барысында ұлттық құрама мүшелері спорт сүйер қауымға пара-хоккей спортының базалық жаттығуларын, мұз алаңы үстінде дұрыс кателенуді және шайбаны дұрыс қолдану әдістерін жан-жақты көрсетті. 

Жалпы, Атырау өңірінде қысқа спорт түрлерін дамыту мақсатында шайбалы хоккейден «Бейбарыс-Атырау» облыстық мамандандырылған спорт клубы жұмыс жасайды. 

Өңір бойынша спорттың дәл осы түрімен шұғылданатындардың саны 2141 адам, оның ішінде 800-ге жуығы ауылдық жердің тұрғындары. 

Одан бөлек, аталмыш спорт клубында 204 адам шайбалы хоккей және мәнерлеп сырғанаумен тұрақты түрде шұғылданып келеді.

 

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT