Атырауда пойыз кестесі өзгерді

Елдегі төтенше жағдайға байланысты теміржол арқылы қатынайтын жолаушылардың діттеген жеріне жетуі қиындады.

Себебі, 5 қаңтардан бері 23.00 сағаттан таңғы сағат 7.00-ге дейін көше қозғалысына шектеу қойылған. Тіпті, республиканың кейбір облыстарында ахуалдың күрделілігіне байланысты шектеу 19-07 сағаттар аралығында. Ал, Атырау теміржол станциясына тəулігіне 4 жолаушы пойызы келіп-кетеді екен. Ең қиыны – «Алматы-Атырау» бағытындағы жолаушылар пойызының келу уақыты – таңғы сағат 5-те.

«Сыйымсыздың қонағы сиыр түсте келеді» демекші, бұл аз уақытқа болса да, беймезгіл уақытта келетін жолаушылар үшін қолайсыздық туғызғаны рас. Облыс орталығынан «Теңіз» кен алаңына қатынайтын мұнайшылар да көп уақытын жолда жоғалтатынын айтып шағымданған болатын. Осыған орай, Атырау теміржол бөлімшесі мекемесі жергілікті билікпен бірлесіп, пойыз қозғалысының кестесіне өзгеріс енгізіпті.

– Қазір Атырау теміржол вокзалының қызметі бірқалыпты жұмыс ырғағына түсті. Жолаушылар пойызының келіп-кетуі кесте бойынша жүргізіліп жатыр. Ал, «Теңіз» кенішіне қатынайтын 88/71 «Атырау - Құлсары» пойызы бұған дейін таңғы 06 сағат 30 минутта жүрсе, коменданттық сағат енгізілуіне байланысты қозғалу уақыты сағат 09.00-ге ауыстырылды, – дейді Атырау магистралдық желісі бөлімшесі директорының орынбасары Жəнібек Жөнтірбаев.

Қуандық ШƏКІРОВ

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Референдум

r

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика