Атырауда сайлау учаскелерінде концерттік бағдарлама мен спорттық ойындар ұйымдастырылды

Атырауда сайлау учаскелерінде келушілер үшін концерттік бағдарлама мен спорттық ойындар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шараға қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйытқы болып отыр. Аталған шаралар Н.Тлендиев атындағы Кіші өнер Академиясы, Облыстық халық шығармашылығы орталығы және «Атырау-Ақпарат» ЖШС ғимаратында өтуде. Өнерпаздар Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы, Н.Нұрпейісова атындағы ұлт-аспаптар оркестрі,  Облыстық халық шығармашылығы орталығы және Н.Тлендиев атындағы Кіші өнер Академиясының қызметкерлері мен оқушылары.

Қала тұрғыны Жәнібек Жәмиев сайлауға келіп, концерттік бағдарламаны тамашалады.  

-Өкпесін өміріне ұластырмай өмірін өнегемен жалғаған қаймана қазақтың бір-бірін мынау менің туғаным, мынау менің туысым деп іздеп төс қағыстыра  тойлайтын мерекесі – Наурыз ұлттық мерекесі құтты болсын! Наурызбен бірге тұспа-тұс келіп жатқан бүгінгі сайлау Атырау қаласында жоғары деңгейде өтуде. Барша Атырау тұрғындарын дауыс беруге шақырамыз,-деді Ж.Жәмиев. 

Концерттік бағдарламада ән айтылып, күй тартылумен қатар, ата дәстүр ұлықталып, түрлі спорттық ойындардан жарыстар өтті. Ұлттық киімдегі қыз-жігіттер мерекені тамашалауға келген көпшілікке наурыз көже мен тәтті тоқаштар ұсынды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз