АТЫРАУДА САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ 51,23%-Ы ДАУЫС БЕРДІ

2023 жылғы 19 наурызда, дауыс беру күні Орталық сайлау комиссиясы күні бойы учаскелердің ашылуы және дауыс берудің басталуы туралы ақпарат беріп отырды, сондай-ақ әрбір екі сағат сайын ҚР ОСК мүшелері дауыс берушілердің келуі туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың аумақтық комиссияларының деректерін беріп отырды.

Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру елорда уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда елорда уақытымен сағат 22.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,19% бюллетеньдер алды.
Оның ішінде:

1.             Абай облысы бойынша – 57,02%

2.             Ақмола облысы бойынша – 60,01% 3.             Ақтөбе облысы бойынша – 58,00% 4.             Алматы облысы бойынша – 60,03% 5.             Атырау облысы бойынша – 51,23% 6.             Батыс Қазақстан облысы бойынша – 59,20% 7.             Жамбыл облысы бойынша – 65,21% 8.             Жетісу облысы бойынша – 55,32% 9.             Қарағанды облысы бойынша – 59,48% 10.           Қостанай облысы бойынша – 65,10% 11.           Қызылорда облысы бойынша – 67,21% 12.           Маңғыстау облысы бойынша – 54,10% 13.           Павлодар облысы бойынша – 58,68% 14.           Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 65,25% 15.           Түркістан облысы бойынша – 53,01% 16.           Ұлытау облысы бойынша – 58,99% 17.           Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 64,15% 18.           Астана қаласы бойынша – 42,91% 19.           Алматы қаласы бойынша – 25,82% 20.           Шымкент қаласы бойынша – 45,46% 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT