Атырауда «Самұрық-Қазына» қолдаған 50 ерекше бала жетістіктерімен қуантуда

Мұнайлы астанадағы ерекше балаларды дамыту орталығының өкілдері тәрбиеленушілердің барлығында оң өзгеріс барын айтады. Алғаш қарапайым ым-ишара жасаған да, былайғы өмірде оңай көрінетін, ал мекемелерге келушілерге қиынға соғатын нұсқаулықтарды түсініп, орындаған да бүлдіршіндер кездесуде.

Тіпті баласы өздерін енді танып, қуанған ата-ананың көзіне жас алған оқиғалары баршаны серпілтуде.

«Тұңғыш еңбектеп, тәй-тәй басқан балдырғандарымыз бізге сондай ерекше ыстық, бауыр басып қалдық. Өзіңіз ойлаңызшы, құлағы естімейтін баланың дыбыстар шығара бастауы ше, қандай әсер береді?!», - деді «Зейін-Атырау» ерекше балаларды дамыту орталығының директоры Арайлым Нұғманова.

Оның айтуынша, 25-ке жуық баланың сөйлеу қабілеті, қоры жақсарып, айнала орта жайлы түсінігі қалыптасқан. Мәселен Айя есімді кейіпкеріміздің зейіні тұрақталып, заттарды ажыратып келеді. Сөздерді қайталауды үйренуде. Оның әпкесі, мамандар ересектеу балалармен бірге қолөнерге баулыған Айша да әріп, сан тануда.

«Менде 3 бала. Үш бала да осылай ерекше, мүмкіндігі шектеулі. Орталыққа келгелі балаларда көптеген өзгеріс бар. Кішкентай қызым Айя осы орталыққа келіп, горшокке отыруды үйренді 1 аптаның ішінде. 13 жастағы Айша қызым қалам ұстап, жазуды үйренді. Өздігінен қазір жүріп жүр», - деп бөліседі Атырау облысы Алмалы ауылының тұрғыны, жалғызбасты ана Әмина Хадисова.

Өткен жылы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры қолдау көрсеткен «Зейін Атырау» жобасында туа бітті сал ауруына, аутизм, даун ауруына шалдыққан бүлдіршіндерге және өзге де ақыл-ой дамуының тежелуі байқалған балаларға қол ұшылып, қоғамға бейімдеу жүргізілуде.

Осы орайда орталық ашылған 3 жылда тіл бітіп, балалық шағында-ақ биік асуларды еңсерген Мұстафа есімді тағы бір бүгінгі күннің батыры 1 сыныпқа бару мүмкіндігін иеленуде.

Компаниялар тобы атынан орталыққа күрделі жөндеу жүргізіліп, оңалту жабдықтарымен және жиһазбен жабдықталды. Озық құрылғылар балалармен қарым-қатынаста томатис-терапия, сенсорлық бұрыш және де бассейндегі сабақ сынды жаңа әдістерді пайдалануға мұрша беруде. Сонымен қатар, Қор тарапынан ерекше қажеттілігі бар 50 балаға арналған 120 тегін курс ұйымдастырылды.

2017 жылдан 2022 жылға дейін Атырау облысында жалпы сомасы 1,1 млрд теңгеге 21-ден астам жоба іске асырылды және олар қазіргі уақытта өз жұмысын жалғастыруда. Бұл «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бірыңғай қайырымдылық операторының жұмысы арқасында мүмкін болып отыр.

 

Алдаберген КЕМПІРБАЙ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз