Атырауда тұрғын үй құрылысы қарқынды дамуда

Облыс əкімі Махамбет Досмұхамбетовтың тапсырмасына сəйкес, əкімнің орынбасары Қайрат Бекенов облыс орталығындағы бірнеше əлеуметтік жəне инфрақұрылымдық нысандардың құрылыс барысымен танысты.

Өңірде тұрғын үй құрылысы қарқынды дамуда.Бұл тұрғыда жергілікті өндірушілердің өнімдерін пайдалану - күн тəртібіндегі маңызды мəселелердің бірі.

Облыс әкімінің орынбасары Атырау қаласындағы "АВЕ" корпорациясының темірбетонды құрылыс бұйымдарын шығаратын өндіріс орнында болған кезінде темірбетонды панельдердің қасбеті эстетикалық жəне заманауи үлгіге сай жасалу қажеттігі жөнінде кəсіпорын басшылығына жəне жергілікті өндірілген құрылыс материалдарын тұрғын үй құрылысы барысында кеңінен қолдану қажеттігі жөнінде тиісті мемлекеттік мекемелерге нақты тапсырмалар берілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT