АТЫРАУДА "ВЕЛЕССТРОЙ" КОМПАНИЯСЫ 100 БҮЛДІРШІНГЕ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ СЫЙЛЫҚТАР ТАРТУ ЕТТІ

Жаңа жыл қарсаңында "Велесстрой" компаниясы "Шаңырақ " отбасылық үлгідегі балалар ауылында, кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығында және №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында тәрбиеленіп жатқан 100 балаға сыйлықтар табысталды.

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайына жиналған балақайлардың қуанышында шек болмады. Қайырымдылық акциясы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларға көрсететін жүйелі демеушілік көмек бағдарламасы аясында жүзеге асты.

3_1671539385

Іс-шара барысында "Велесстрой" ЖШС Бас директорының орынбасары Марко Босич балақайларды құттықап, ақжарма тілегін айтты.

- Қайырымдылық іс-шараларын, соның ішінде ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға қатысты шаралар өткізу - біздің компанияның игі дәстүрлерінің бірі саналады. Биылғы жылы біз корпоративтік іс-шараның орнына қайырымдылық ертеңгіліктер өткізу туралы шешім қабылдадық.  Біздің қызметкерлер корпоративтік еріктілер ретінде осы шараны ұйымдастырып отыр. Жалпы, Атырау облысының аумағында жұмыс істеген жылдары «Велесстрой» компаниясы  аз қамтылған азаматтар үшін бірнеше рет қайырымдылық акцияларын өткізді.  Атап айтар болсақ, Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесті, пандемия кезінде ауруханаларға демеушілік жасап, ИВЛ аппаратын алды, жергілікті студенттердің қабілетін арттыру бойынша арнайы бағдарлама әзірледі және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған басқа да көптеген акциялар ұйымдастырды, - деді Марко Босич.

 

Балаларды қуанышқа кенелткен іс-шара жергілікті атқарушы органдармен және "Analarga Komek Qoldaw» қоғамдық қорымен ынтымақтастықта өтті. "Analarga Komek Qoldaw" ҮЕҰ-ның төрайымы Сандуғаш Кукенова өз пікірімен бөлісті.

- Біздің Қор өмірлік қиын жағдайға тап болған аналар мен балаларға тұрақты түрде қолдау көрсетеді. "Велесстрой" компаниясына демеушілік көрсеткені үшін алғыс айтамыз. Балалар тұратын барлық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне де үлкен алғысымды білдіргім келеді. Жаңа жылда әр баланың отбасы болуын және біздің елімізде балалар үйлерінің  болмауын тілеймін, - деді Сандуғаш Кукенова.

Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

 



 

Сайлау

ybory-2023-price

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика