АТЫРАУДА ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Жас жазба ақындар поэтикалық дуэлі» өтті. Іс-шараны Атырау қаласы Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.  

Аталған мүшәйраға 16-35 жас аралығындағы 14 атыраулық жазба ақын қатысып, үш кезең бойынша бақ сынады. Алғашқы кезеңде еркін тақырыпта өз шығармашылығынан екі өлең оқыса, екінші кезеңде Саяси қуған-сүргін құрбандарына арнау мен патриоттық өлеңдер оқылды. Ал шешуші кезеңде жазба ақындар 10 минут ішінде Саяси қуған-сүргін құрбандарына өлең шығарды. 

-    Бұл мүшәйра поэтикалық дуэл форматында өткізілді. Жалпы іс-шараның мақсаты – қуғын-сүргін құрбандарын, бабаларымызды еске алу болса, екінші жағынан жалпы шығармашыл жастарымызға, ақындарға қолдау көрсету,- деді Жастар ресурстық орталығының басшысы Бекарыс Закария. 
-    
Ал қатысушылардың бірі Нұрай Талап өзіндей өңірдегі жас ақындардың көптеп өсіп келе жатқаны қуантатынын, сайыс жоғары деңгейде өткенін жеткізді. 

Жарыс қорытындысымен Нұржан Өмірбай I орынды иеленсе, Асыланбек Шығыр II орынды, Нұрай Талап III орынды қанжығалады. Сайыстың жалпы жүлде қоры 300 000 теңге.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521