"Атыраулық" футболшы Дәурен Мәжитовке қан керек

Атырауда екі көліктің соқтығысуының салдарынан «Атырау» футбол клубының 23 жастағы қорғаушысы Дәурен Мәжитов ауыр жарақат алған.

Бүгінде ол жансақтау бөлімінде жатыр. Сурет: kazfootball.kz Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Белгілі болғандай, жол апаты 21 қыркүйекте орын алған. Апат салдарынан көптеген сүйегі сынып, сонымен қатар омыртқасы зақымдалған футболшы облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Дәрігерлер Дәурен Мәжитовтың жағдайын аса ауыр деп бағалап отыр. Бүгінгі таңда оған қан донорларын іздестіруде. «Өкінішке орай, ол көлікті тізгіндеген. Көлікте тек Дәурен болған. Қазіргі уақытта қан іздеп жатырмыз. Сонымен қатар ол сүйікті футболына қайтып оралып, Атыраудың намысын қорғауды жалғастырады деп үміттенеміз», - дейді «Атырау» футбол клубының бас жаттықтырушысы Қуаныш Қабдолов. Атырау облыстық полиция департаментіндегілер әзірге жол апатына қатысты пікір білдірмеді. Дәурен Мәжитов маусым басынан бері алаңда 1 275 минут өткізіп, бір гол салған

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521