Атыраулық каратэші Әбілмансұр Батырғали халықаралық турнирден қоламен оралды


Атыраулық каратэші Әбілмансұр Батырғали халықаралық  турнирден қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Канаданың Ванкувер қаласында WKF каратэден «Karate Series A» санатындағы халықаралық турнир өтті.

Аталған турнирге 60-қа жуық елден 700 спортшы қатысты. Оның ішінде алты қазақстандық бар. Облыс намысын қорғаған Ә.Батырғали 75 келі салмақта үздік үштікті еншіледі.

Турнирде жиналған ұпайлар рейтингке жоғары көтеріліп, Премьер-лига жарыстарына қатысуына мүмкіндік береді.

Байрақты бәсекеде Ұлттық құрама спортшылары 1 күміс, 2 қола медальге қол жеткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521