Атыраулық Жеңіс Нұрлыбаев әлем чемпионы атанды

15-18 шілде аралығында  Моңғолия елінде Джиу-джитсудан ересектер және ардагерлер арасында әлем чемпионаты өтуде. Аталған байрақты додаға 41 елден 500 спортшы бақ сынауда, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Айбар Есенғалиев бастаған Атырау облысының спортшылары 2 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдеге ие болды. 

Ерлер арасында 56 келі салмақта Жеңіс Нұрлыбаев әлем чемпионы атағына ие болды. Ал әйелдер арасында Айгерім Төреғожина күміс медаль жеңіп алды.

Ардагерлер арасында Русланхан Мадыханов үздік атанса, Атырау облыстық Джиу-джитсу федерациясының президенті Айбар Есенғалиев қола жүлдеге ие болды.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521