Атыраулықтардың дауыс беру үлесі 50 пайыздан асты

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 6 қазандағы сағат 14.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,77%-і бюллетень алды.

Оның ішінде: 1. Абай облысы бойынша – 52,99 % 2. Ақмола облысы бойынша – 54,91% 3. Ақтөбе облысы бойынша – 52,85 % 4. Алматы облысы бойынша – 59,32 % 5. Атырау облысы бойынша – 52,91 % 6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 50,52 % 7. Жамбыл облысы бойынша – 48,80 % 8. Жетісу облысы бойынша – 55,42 % 9. Қарағанды облысы бойынша – 59,92 % 10. Қостанай облысы бойынша – 61,54 % 11. Қызылорда облысы бойынша – 54,13 % 12. Маңғыстау облысы бойынша – 46,19 % 13. Павлодар облысы бойынша – 49,18% 14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 48,00% 15. Түркістан облысы бойынша – 67,38 % 16. Ұлытау облысы бойынша -59,65 % 17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 61,73 % 18. Астана қаласы бойынша – 45,19% 19. Алматы қаласы бойынша – 16,91 % 20. Шымкент қаласы бойынша – 64,38 % «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 31 – бабы 2 – тармағына сәйкес егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбi дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткiзiлген деп саналады. Келесі жедел ақпарат сағат 16.05-те берілетін болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT