- Атырау спортшылары «Қыран елім – Қазақстаным!» патриоттық акциясын қолдау мақсатында бұл челленджді Маңғыстау облысының спортшыларына жолдайды. Спортшыларымыз көк байрағымызды желбірете берсін, деді Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Данияр Юсупов.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты – патриоттық сезімді нығайту, халықтың бірлігін спорттық аренада да көрсету, еліміздің осы саладағы жетістіктерін атап өту.
Желідегі жеке парақшада #РеспубликаКүні, #ДеньРеспублики хэштегтерімен бейнероликтер жариялау арқылы патриоттық акцияға кез келген адам қосыла алады.
«Қыран елім – Қазақстаным!» патриоттық акциясы қазан айының соңына дейін жалғасады.