АУДАН АЙНАСЫНАН АЛЫСТАМА, ОҚЫРМАН!

Қадірлі ағайын! Қазіргі уақыт – бәріміз үшін де күрделі кезең. Жаңа Қазақстанды іс жүзінде нығайтуға жұмыс жасалынып жатқан елімізде қай салада да жаңару, жаңғыру қажет болуда. Соның ішінде бізге рухани жаңғыру тұрғысындағы жұмыстар да жат болмаса керек. Бұл тұрғыда оның бәрін жан-жақты жадымызға беруге жұмыстанып келе жатқан бұқаралық ақпарат құралдарының орны ерекше дер едік. Әрине, ақпараттық құралдардың қатарына түрлі әлеуметтік желілердің де қосылуымен мүмкіндіктің молайғандығын көлденең ұстап, қарсы дау айтушылар табыларын білеміз. Десек те, шынайы ақпарат беруде қашаннан оқырманының қамын ойлаған газет-журналдардың салмағы басымдығын бәрі мойындайды.

Осындай жағдайда, біз үшін ауданның төл басылымы – «Naryn tany» газетінің де орны бөлектігін сіз бен біз жақсы білеміз. Ондағы әрбір шағын хабардан бастап, үлкенді-кішілі жарияланымдардың барлығы сұрыпталып, сарапталып барып оқырманға ұсынылуымен маңызды. Басылымның тұрақты бағыт ұстануы да тұрақты көзқарас, салиқалы сана қалыптастыруға қызмет көрсетіп, келе жатқаны анық. Ал бұл біздің бәріміз үшін керек.

Осы ретте алғаш жарық көре бастағалы бергі 70 жыл уақытта ақпараттық қызметі өз алдына, үлкенімізге де, кішімізге де тәрбиелік, танымдық, тағылымдық дүниелерімен айнымас серікке айналған «Naryn tany»-ның да таралымы бұрынғы кездердегіден төмендеп кеткені ойлантады. Тек біздің Тұщықұдық  ауылдық округі бойынша оның таралымы – 270 дана, ал ол бұрындары 480 дана болған. Осындай жағдайда аудан айнасының 70 жылдық мерейтойына орай жұма күні тұщықұдықтық оқырмандарымен кездесу өткізуі құптарлық болды. Сол жиында ауылдастар тарапынан «Naryn tany»газетіне екінші жартыжылдыққа 500 данаға дейін жазылуды жүргізіп, ауылдағы мыңнан астам шаңырақтың  тең жарымының рухани азық – аудан айнасына жазылып, оқуын қамтамасыз етуге бастама көтерушілерді жиналғандардың бәрі де құптайтындықтарын білдіруі қуантты. Сөз жоқ, бұл әрі төл басылымымыздың мерейтойына лайықты сый да болған болар еді.

Біз бүгін өз ауылдастарымызды, барша исатайлық оқырмандарды төл басылымымыз - «Naryn tany» газетіне қолдау танытып, сондай-ақ, өз отбасының да рухани азықтан құр қалмауын ескеріп, аудан айнасына жазылуға шақырамыз.

 

ТҰЩЫҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ

ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521