Аудан әкімі 12 тұрғынды қабылдады

Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні жалпыреспубликалық іс-шараны өткізу шеңберінде еліміз бойынша мыңдаған атқарушы билік тармағының есіктері айқара ашылып, өңірлердегі азаматтар өздерін толғандырған сауалдар бойынша жауаптар алды.

kablakim

Исатай ауданы бойынша да аталған шара аясында аудан әкімі Марат Мурзиев және аудан аумағындағы 7 ауылдық округ әкімдері өз әкімдік ғимараттарында жеке қабылдаулар өткізіп, тұрғындар үніне құлақ түрді.

akimkabldd

Аудан әкімі қабылдауына жазылғандар саны 12 адам болса, ауылдық округтер әкімдеріне 10 адам тіркеліп, олардың барлығы да көкейлеріндегі сауалдардың жауаптарын білді.

ahhab

Жалпы, азаматтардың басым көпшілігінің сұрақтары тұрғын үй мәселесін жақсарту, кәсіпкерлік нысан құжатын рәсімдеу мәселелері төңірегінде болды, Сондай-ақ, жылыжайға мемлекеттен субсидия алу, Семей ядролық полигонына қатысушыларға берілетін әлеуметтік төлем мәселесі, тұрақты жұмыс, жас кәсіпкерлерге берілетін қайтарымсыз грант және жер телімі, құм өңіріндегі қасқырларды жою үшін аңшылар қосынын ұйымдастыру, мектептерге балалар тасымалдау үшін автобус шығару жайы да талқыланды. Әрине, көтерілген қай мәселе болмасын әлеуметтік тұрғыда маңызды болғандықтан, олардың барлығы да қаралып, тиісті сала басшыларына жолданды. Сол жерде кеңестер беріліп, мәселені түбегейлі шешу үшін одан әрі қай бағытта құжаттар жинап, қай мекемеге жүгіну туралы тұшымды жауаптар берілді. Ал, шешімі талқылауды, қосымша қаржы бөлініп, жан-жақты зерделеуді қажет ететін ауқымды мәселелер хаттамаға енгізіліп, тіркеуге алынды.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521