Аудан әкімі Құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады

    Биыл төтенше жағдайларға қарсы қызметтің құрылғанына 27 жыл толды. Осыған орай, Исатай ауданының әкімі Полымбет Хасанов ауданымызда еліміздің күні-түні тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін аянбай қызмет атқарып келе жатқан, жауапкершілігі мол, еңбектері ерен азаматтарды кәсіби мерекемен құттықтады.

Құтқарушы мамандығының ең басты міндеті адамдар өмірін құтқару, бұл жоғары және жауапты миссия. Олардың басты міндеті — халықтың бейбіт өмірін, тұрмыстағы, өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттық жағдайға жол бермеу. Тілсіз жау - айтып келмейді. Тосыннан болған апат кезінде азаматтарға бірінші болып көмекке ұмтылатын төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары.

940cead3-680d-4ee6-ae55-5c6d9307bbe8

Аудан әкімі Полымбет Хасанов ТЖМ қызметкерлерің алғыс хатпен марапаттап, "Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен абыройлы қызметтеріңіздің арқасында ауданымыз көркейіп, мемлекеттік қызметшілердің оң имиджі қалыптасуда. Отбасыларыңызға амандық, әрбір жаңа бастамаларыңызға сәттілік тілеймін, - деп құттықтады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521