Аудан әкімі жеңімпаздарды қабылдады

Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев күні кеше ғана Румынияда қол күресінен ардагерлер арасында әлем чемпионы атанған Алмагүл Қанатова, Үндістан мемлекетінде жауынгерлік самбодан болған Азия біріншілігінің чемпионы Еркебұлан Қуанғалиев пен Мәскеу қаласында өткен халықаралық ән байқауының жеңімпазы Дана Мажитованы қабылдады.

akimkabdl

- Биылғы жыл аудан спорты мен өнері үшін жеміске толы болды, - деп бастады әңгімесін аудан әкімі. – Жақында ғана Исатай БЖСМ директоры Бұрхан Оралбеков ардагерлер арасында өткен әлем чемпионатынан қола жүлдемен оралған болса, енді, міне, Алмагүл әпкеміз әлемді бағындырды. Дана да Ресей сахнасында қазақ әнін қалықтатып, ұлт өнерінің шоқтығын биіктетіп, жеңімпаз атанды. Ал, Азия чемпионы атанған Еркебұлан бұған дейін де халықаралық ареналарда мықтылығын танытып жүр, - деген аудан басшысы қай өнердің де өзіндік қиындықтары болатындығын, соған қарамай, күресе білу қажеттігін, сонда ғана биік белестерді бағындыруға болатындығын айтты.

asakim

Айта кетейік, Алмагүл Қанатова Румыния елінде ардагерлер арасында өткен әлем біріншілігінде бақ сынап, ақтық сында ресейлік қарсыласын оңай ұтып, жеңіс тұғырына көтерілген еді. Ал, Дана Мажитова Мәскеуде 34 әншінің ішінен дара шығып 1 орынды иеленді. Азия чемпионатында атой салған Еркебұлан Қуанғалиев болса, қарсыластарының барлығын да 1 минуттан асырмай, жауырынын жер иіскетіп, құрлық чемпионымен қатар халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды.

a

Еркебұланның жаттықтырушысы, «Барыс» балалар-жасөспірімдер денешынықтыру даярлық клубының директоры әрі аудандық қазақ күресі федерациясының төрағасы Асхат Жұмабеков өз кезегінде аудан спортына үнемі қолдау білдіріп жүрген аудан әкімі Марат Мурзиевке ризашылығын білдіріп, ауданымыздың атын шығарып, әлемдік додада мерейімізді асырған Алмагүл Қанатоваға федерация атынан 50 мың теңге ақшалай сыйлық ұсынды. Сондай-ақ ол күні бүгін жұмыссыздар есебінде тұрған әлем чемпионын қызметке орналастыруға қолғабысын тигізетінін айтты.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика