Аудан басшысы «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлерін қабылдады

суреттер автордікі

 

Мектеп бітіру – бір белес. Ал оны «Алтын белгімен» не «Үздік аттестатпен» аяқтау – ерекше жеңіс. Бұл жеңіс – шәкірттің табандылығы, ұстаздың төзімі, ата-ананың сенімі мен қамқорлығы тоғысқан тұтас еңбек тарихы. Биылғы оқу жылы аудан үшін тарихи жетістікпен қорытындыланды. Бір оқу жылында 10 оқушы «Алтын белгі», 17 оқушы «Үздік аттестат» иесі атанып, өңір тарихындағы білім көрсеткішінің жаңа белесін орнатты.

Осыған орай аудан әкімі Нұрым Мусин үздік түлектермен арнайы кездесу өткізіп, оларға құрмет көрсетті. Бұл салтанатты қабылдау  жеңімпаз рухын тануға, білімге деген құрметті бекемдеуге бағытталған жарқын дәстүрге айналған игі шара болды. Иә, «Алтын белгі» – білім саласындағы ең жоғары марапат. Оны арқалау – еңбекке адалдықтың, білімге шынайы құрметтің белгісі.

 

 

Ауданның он түлегі бұл мәртебеге ие болып, өз есімдерін аудан тарихына алтын әріппен жазды. Олардың қатарында Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің түлектері Әсем Алпысбай, Ринат Асан, Дильназ Ерболқызы, Мансур Қобыландыұлы, Шыңғыс Меңдібекұлы және Ақерке Жолдыбай бар. Сондай-ақ Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектептен Ақерке Пазыл мен Аруай Қанағатқызы, Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектептен Нұргүл Бақтыбай және Ю.Гагарин атындағы мектептен Ескендір Төребекұлы да бұл мәртебелі атаққа ие болып, аудан мерейін үстем етті.

 

 

Оқу үлгерімі үздік, қоғамдық белсенділігі жоғары 17 түлекке «Үздік аттестат» табысталды. Бұл – олардың тынбай ізденіп, мектеп жылдарын нағыз үлгіге айналдыра білгенінің дәлелі. Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептен  Тұрар Ғизат, Шұғыла Мұратқызы, Нұрлан Бақтыгерей, Дана Самиғолла және Мадина Мерей үздіктер қатарынан көрінді. Х.Наубетов атындағы орта мектептен Аружан Ғибрат, Дильвира Болатбекқызы мен Айсәт Жоламанқызы өз білімдерімен ерекшеленіп, «Үздік аттестат» иегері атанды. Ю.А. Гагарин атындағы мектептен Диас Табиғат, Армат Чапай, Айзада Сабыр және Нұрзада Сабыр өздерінің үздік үлгерімдерімен ерекшеленді. Ал “Өркен” жалпы орта мектебінен Гүлайым Тоқсанбайқызы, Бекзада Ниғмет және Мерейлім Жұмабекқызы, Аққыстау орта мектебінен Мұқарам Игисин және Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептен Нұрәли Қанатжанұлы да білім саласындағы озаттар қатарынан табылып, аудан мақтанышына айналды.

 

 

Жалғасы газеттің №26 (4239) санында

 

Камилла КАКИМҚЫЗЫ 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT