Аудандық әкімдіктің акт залында VI сайланған аудандық мәслихаттың кезекті LIV сессиясы өтті.
Онда күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша – «Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асырудағы 2020 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша атқарылған жұмысы туралы аудан әкімі Марат Мурзиевтың есебі тыңдалды.
Аудан әкімінің айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында қойылған міндеттерді орындау, сыбайлас жемқорлықты жою, сот және құқық қорғау жүйесін реформалау, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамту, тұрғын үйлер мәселесін шешу, әділетті әлеуметтік саясат, өңірлерді дамыту, «Рухани жаңғыру» құндылықтарын қамтитын он бағыттан тұратын жоспарды жүзеге асыру бағытында ауданда бірқатар жұмыстар атқарылған.
Атап айтсақ, өнеркәсіп саласында өндірілген өнім көлемі 53 млрд. теңгені, құрап, 504,2 мың тонна мұнай, 16,6 млн. текше метр ілеспе газ өндірілген.
Ауыл шаруашылығында есепті мерзім ішінде 2,6 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 104 пайызды құраған. 3 400 тонна ет, 2 721 тонна сүт өндірілген. Мал басы 22,4 мың бас мүйізді ірі қара, 41,1 мың бас қой-ешкі, 20,8 мың бас жылқы, 8,7 мың бас түйеге өскен. Егін шаруашылығында биылғы алты айда аудан бойынша жеке секторда 11 га және шаруашылықтарда 67 га, барлығы 78 гектарға егін егілген.
Балық шаруашылығында 5 балық аулау мекемелері белгіленген лимит көлемінде жұмыс жасап, 362 жергілікті тұрғын маусымдық жұмыстарға тартылған. Ветеринариялық эпизоотиялық ахуалға тоқталсақ, алдын ала екпе, диагностикалық жұмыстар жүргізіліп, бұл жұмыстарға 31,9 млн. теңге қаражат жұмсалған.
Кәсіпкерлікті дамыту бағытында аудандық статистикалық есептерге сәйкес 1 939 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Есепті мерзімде негізгі қорға жұмсалған инвестиция көлемі 4,2 млрд. теңге құраған. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде әр деңгейдегі бюджеттерден бөлінген қаражаттар есебінен бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.
Бұдан кейін аудан әкімі жер қатынастары, білім беру, мамандармен қамту, мәдениет, спорт, әлеумттік қорғау, жұмыспен қамту, жастар саясаты, мемлекеттік қызмет көрсету, діни ахуал, денсаулық сақтау, құқық қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға және алда тұрған міндеттерге тоқталды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге байланысты аудандық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер, гендерлік саясат, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Лиза Мутянова есепті мерзім ішінде аудан әкімі аудандық әлеуметтік-экономикалық даму бойынша көптеген жұмыстар атқарылып жатқанын тілге тиек ете келіп, «мылтықсыз майдан» деп аталып кеткен бұл қиындық кезінде атқарушы билік, ардагерлер, ел азаматтары, ж астар, еріктілер, қоғамдық ұйымдармен бірге дәрігерлерде өлшеусіз еңбек екенін, оларды ұлығылау, есімдерін халыққа жариялау жұмыстарын жетілдіру керектігін, санаулы күндерден кейін жаңа оқу жылы басталатынын, бір үйде 4-5 бала оқитынын, оларға кем дегенде 2-3 компьютер қажеттігін, басты мәселе- интернет желісіне қосу мен жылдамдылығын арттыру керектігін айтса, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Мұханбеталиев та осы пікірге қосылатынын, аудан экономикасының түрлі салаларына инвестиция тарту мүмкіндігін қарастыру, аудан көлемінде жүргізіліп жатқан кәріз, электр, ауыз су желілер мен ішкі автомобиль жолдары құрылыстарын мерзімінде сапалы аяқталуын басты назарда ұстау, жұмыссыздықты азайту, тұрғындардың осал топтарына қатысты үкімет бекіткен жеңілдіктер мен әлеуметтік жәрдемақылардың тиісті деңгейде берілуін қаперге алынуын, қайырымдылық шараларын одан әрі ұйымдастыруды жалғастыру т.б. осы секілді ой-пікірлерін ортаға салды.
Сессияда сондай-ақ, бұдан басқа да мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Аяпберген САЛИХОВ