АУДАН ХАЛҚЫ СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР?

 

                Атырау облысы әкімінің 2024 жылғы 7 сәуірдегі №3 «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешіміне сәйкес аудан әкімінің 2024 жылғы 7 сәуірдегі №13 «Төтенше жағдайды жою басшысын тағайындау туралы» шешімімен аудан әкімінің орынбасары Муканов Рашид Тасанұлы тағайындалды. 

   2024 жылдың 8 сәуірінде төтенше жағдайды жою басшысының шешіміне сәйкес аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, Жедел штаб басшысы Абдуллин Бағдат Исатайұлы тағайындалды. Жедел штаб құрамында еңбек ардагері-3, белсенді  жастар-7, мемлекеттік мекеме қызметкерлері-7, кәсіпорын, мекеме қызметкерлері-3.

                Исатай ауданы бойынша бекітуге жататын жағалау аумағының жалпы ұзындығы –77,4 км (56,4 км жасалғаны), олардың әрқайсысына үйлестіруші, арнайы техника және еріктілер бекітілген. Барлық секторда жұмыс тәулік бойы жүргізілуде, оларға мемлекеттік қызметкерлер, жергілікті тұрғындар,сарбаздар қатысуда. Исатай ауданы бойынша жағалауды нығайту жұмыстарына 3220 жуық еріктілермен тұрғындар,
84 арнайы техника жұмылдырылуда. Барлығы 43400 қапшық жұмсалды.

                Аудан аумағында «Жайықмұнайгаз» МГӨБ басқармасы Нарын каналынан бастау алатын «Есіркеп» каналымен «Бақсай» каналынан «Ауғайран» жағалауларын бекіту жұмыстарын аяқтады. Каспий теңізіне тікелей су көздерін жүргізу жұмыстарын атқаруда. Осы жұмыстарға арнайы техникалар -19 (гидромик-2, погрузщик-4, бульдозер-3, шынжыр табанды эксковатор-5, трал-1, камаз-4). Жұмылдырылған адамдар саны-40 жуық.

 

АҚҚЫСТАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

 

                Аққыстау ауылдық округі бойынша жалпы соғылатын бөгет 12,9 км жоспарлануда. Бөгеттерді бекітуге жұмылдырылған адамдар саны-495, қапшық-9000, арнайы техникалар саны-9 (шахман-3, погрузщик-3, гидромик-2, бульдозер трактор-1).

 

Томан елді мекенінде соғылатын бөгеттің жалпы көлемі 4,6 км,қазіргі уақытта жасалынып біткені-1,9 км (қалғаны 2,7 км), жұмыс жасап жатқан техника 1-бульдозер. Ауыл тұрғындары-75. Бөгеттерді нығайту үшін 4000 қапшық жұмсалды.

 

                                                                      ТҰЩЫҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

 

                Тұщықұдық ауылдық округі бойынша ауыл сыртынан жалпы ұзындығы 12 км бөгет соғу жоспарланған. Қазіргі уақытта  ұзындығы 2,5 км, биіктігі 2,5 метр бөгет соғылуда. Жұмылдырылған техника саны – 16 (погрузчик 3, эксковатор 1 трал-1, кран-1, бульдозер 1 дана, камаз 2, трактор 2, каток -1, шахман -3,  маз-2). Адамдар саны – 500. Бөгеттерді нығайту үшін 20 000 қапшық құммен толтырылды.

 

ҚАМЫСҚАЛА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

 

                Қамысқала ауылдық округі бойынша жасалуы тиіс бөгеттер ұзындығы – 11км. Бүгінгі күні  5 км бөгет биіктетілген. Жаңадан салынған бөгеттер ұзындығы – 2 км. Жұмылдырылған техника саны – 14 (погрузчик 3 дана, гидромек 3 дана, эксковатор 1 дана, шахман 3 дана, камаз 3 дана, трактор 1 дана). Жұмылдырылған адамдар саны – 500. Бөгеттерді нығайту үшін 7000 қапшық құммен толтырылды. Қазіргі уақытта  қордағы қаптар саны – 3000.

 

ЖАНБАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

 

                Жанбай ауылдық округі бойынша жасалуы тиіс канал жағасының ұзындығы – 2,5 км. Бүгінгі күні  2 км бөгет биіктетілген. Ауыл сыртынан жасалатын бөгет ұзындығы – 3 км,  жасалғаны -2 км. Жұмылдырылған техника саны – 7 (погрузчик 1, гидромек 1 , экскаватор 1,  бульдозер 1, мтрз82.2-2, экскаватор погрузчик-1). Жұмылдырылған адамдар саны – 500. Бөгеттерді нығайту үшін 1700 қапшық пайдаланылды.

 

 

 

Арнаулы әлеуметтік төлем қашан, кімдер үшін және қандай мақсатта енгізілді? 

 

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстан Республикасының еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен қамтылған азаматтары мен ел аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың әлеуметтік қорғалу деңгейін одан әрі арттыру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылатын арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді. 

Жұмыс берушілер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын кәсіптері мен қызмет түрлері еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлердің, өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің тізбесіне енгізілген жұмыскерлер үшін аударады. Ондай қызмет түрлерінің 2 мыңнан астамы бар. Осылайша, арнаулы әлеуметтік төлемдер экономиканың әртүрлі салаларында, соның ішінде тау-кен және өңдеу өнеркәсібінде және басқаларында жұмыс істейтін қызметкерлерге төленеді. Қызметкердің 55 жасқа толуы, жиынтығында кемінде 84 ай бойына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (бұдан әрі - МКЗЖ) төленуі арнайы әлеуметтік төлем алудың басты шарты болып табылады.

                                             

 

  Исатай аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521