Аудан әкімі айтыскер ақын Ш.Қабиевті қабылдады

Исатай аудан әкімі Полымбет Хасанов белгілі айтыскер ақын, осы ауданның тумасы Шынарбек Қабиевті қабылдап, 2022 жылы  «Хабар» телеарнасының ұйымдастыруымен алғаш рет өткен «Асыл домбыра» ұлттық жобасында жеткен жетістіктерімен құттықтады.

 Нақтырақ айтатын болсақ, белгілі кәсіпкер, медценат Дулат Тастекеевтің демеушілігімен «Хабар» телеарнасында «Асыл домбыра» ұлттық жобасы ұйымдастырылған болатын. Өткен жылғы жобаның ерекшелігі, өңірлер арасында командалық сайыс түрінде өтті. Жиырма команда қатысқан додада Атырау облысының командасы Ақмола, Қызылорда облыстарының, Астана қаласының азулы ақындардан құралған командаларын ұтып, ақтық финалдың жолдамасын жеңіп алған болатын. Шындығына келгенде, біздің команданы алғашқы айналымдардан сүрінеді деп болжағандар көп болды. Бірақ, Шынарбек Қабиев, Сырымбек Сәрсенбаев, Шалқарбай Ізбасаровтардан құралған командамыз, талайдың санын соқтырып, ақтық сынға дейін жетті. Ұйымдастырушылар жобаның жеңімпазы болған Жамбыл облысы мен екінші орынды иеленген Атырау облысының командасына асыл тастармен көмкеріліп, арнайы жасалған асыл домбыраны табыстады. Ақындарымыз жеңім әкелген асыл домбыра қазіргі таңда облыстық өлкетану мұражайында тұр.

Өз кезегінде сөз алған Шынарбек Қабиев арнайы қабылдау үшін шынайы ризашылығын білдіре отырып, аталмыш жобаның мақсаты мен басты міндеті айтыс өнерін насихаттау, жаңа ақындар буынын қалыптастыру, аймақтарда айтысты дамыту екенін әңгімелеп, жергілікті жерде жас ақындарды іздеп, осынау өнерге баулу бағытында ойларымен бөлісті.

Қабылдауда аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Ерболат Насимуллин мен аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Саябек Шагировтер ақынға деген ізгі тілектерін білдіріп, Атырау ақындарының жарқын жеңістеріне ризашылықтарын білдіріп, алда да айтыс өнерін дамыту жолындағы атқарар қызметіне сәттілік тіледі.

-Мен үшін бұл үлкен құрмет болды. Еңбегімді елеп, «көзден кеткен, көңілден кетеді» демей, арнайы қабылдап, туған жерімде құрмет көрсетілуі – кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық іс. Азғантай ғана тірлікте бір-бірімізге пейіліміз жетпей жатады емес пе?! Осындай сыйластық біздің өңірде әлі жойылмаған. Исатай өңірі, Нарынның киелі топырағы бізге дейін де талай тұлғаларды дүнеге әкелді, бізден кейін де келеді. Айтыс өнерінде танымал Саадат Нұрманов, ағайынды Серікбол, Амангелді Панабердиевтер, Нұрболат Нұғман, Өнербек Дәулекенов пен Айзада Дәулекеновалар басқан ізді жас буынның жалғастыратынына сенімдімін. Аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Халидоллақызы да заты әйел болғанына қарамастан, азаматтың ісін атқарып жүр. Биыл ауданда ақындар үйірмесін ашу жөніндегі ұсынысымызды бірден құп алып, шаруаны аяғына дейін жеткізді. Аудан орталығында биыл өнер мектебі ғимаратының құрылысы басталғанын естіп қуанып жатырмын. Осы өнер ордасы әлі талай таланттарды қанаттандырады деген ойдамын,-дейді белгілі айтыскер Шынарбек Қабиев.

Қабылдау шарасын қорытындылаған аудан әкімі күні бүгін Тұщықұдық ауылында жас ақындар үйірмесінің ашылғанын, болашақта аудан орталығында бой көтеріп жатқған Өнер мектебі пайдалануға берілгенде арнайы айтыс сыныптарын ашу мүмкіндігі бар екенін тілге тиек етті. Шақыруын қабыл алып, уақыт бөліп келгені үшін ақынға алғысын айтып, құттықтау хаты мен естелік сыйлығын ұсынды.

Мен үшін бұл үлкен құрмет болды. Еңбегімді елеп, «көзден кетті, көңілден кетті»- демей, арнайы қабылдап, туған жердің ыстық сәлемін жолдап, құрметтеуі, кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық іс. Мына кішкене тірлікте бір-бірімізге пейіліміз жетпей жатады емес пе. Осындай сыйластық біздің өңірде әлі жойылмаған.

Исатай өңірі, Нарынның киелі топырағы бұған дейін талай тұлғаларды дүнеге келтірді, бұдан кейін де жалғасады. Айтыс өнерінде танымал Саадат Нурманов,.   Серікбол Панабердиев, Нурболат Нугман Өнербек, , Айзада Дәулекеновтер жалғаған буынды жаңадан жас буын жалғастыратынына сенімдімін. Ауданның әлеуметтік және мәдениет саласына жауапты Нұрғайша  Халидоллақызы Әбежан, қыз да  болса азаматтың ісін атқарып жүр. Биыл ауданда ақындар үйірмесін ашып берді. Аудан орталығында Биыл Өнер мектебінің ғимаратының құрылысы басталыпты.  Осы өнер ордасы әлі талай таланттарды қанаттандырады деген қуанышты сезіммен Атырауға қайттым.

Нұрболат НҰҒМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521