Қымбатты аналар, аяулы қыз-келіншектер!
Сіздерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер отбасының берекесі, мейірім мен шуақтың, әсемдік пен әдеміліктің бастауысыздар.
Халқымыз әйелдер қауымына әрқашан құрметпен қараған.
Тарихымызда да асқан ерлігімен қатар, өнегелі істерімен де дараланған нәзік жандылар аз емес. Солардың арасында жерлесіміз Фаризадай қайсар мінездің, Динадай өнердің, Хиуаздай батырлықтың иелері көпке үлгі деп білемін.
Әйел-аналарымыз өздері ұйытқысы болып отырған отбасының тірлігінен бөлек, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына да зор үлес қосып келеді. Өздерінің білімі мен біліктілігінің арқасында әр салада табысты еңбек етіп келе жатқан мереке иелерінің бұл ісі де біз үшін қуаныш.
Қымбатты аналар, қыз-келіншектер! Жылылық лебін ала жеткен мереке қарсаңында сіздерге мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл тілеймін. Отбасыларыңызда қуанышты күндер, жағымды жаңалықтар көбейсін! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Құрметпен, аудан әкімі Нұрым Мусин