Аудан әкімі қоғамдық бірлестік басшыларымен жүздесті

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың осал топтарын қолдау мемлекеттің басты міндеті деген болатын. Осы тұрғыдан алғанда, ауданымыздағы әртүрлі қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерде халықтың осал топтарына көмектесуді өздерінің азаматтық борышы деп санайды. Міне, күні кеше ғана ауданымыздағы осал топтардың бір топ өкілдерімен аудан әкімі кездесу өткізді.

Қабылдау кезінде аудан әкімі Нұрым Мусин ауданымыздағы ерекше жандарды қолдап, зағип жандарға қол ұшын созып, қайырымды іс атқарып жүрген «Қазақ соқырлар қоғамы», «Шырағың жансын», «Ақ Ниет» қоғамдық бірлестіктеріне шын ризашылығын білдірді. Аудан әкімінің айтуынша, аудан бойынша 868 мүгедектігі бар жан бар екен. Оның ішінде I топ-93 адам, II топ- 337 адам,  III топ-307 адам, 18 жасқа дейінгі бала саны-131. Көз мүгедегі бойынша-101, Кресло-арбамен жүретін-28, Есту кемістігі бойынша-48 адам бар.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Атырау» корпоративтік қоры 2016 жылы құрылды. Басшысы Мұхитов Қуанышкерей Сембіұлы. Құрамында 270 адам бар. Ал аудан бойынша-52 адам. «Шырағың жансын мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Нұрғалиев Тәрен Шамұратұлы екен. Өткен жылы құрылыпты. Қазіргі таңда мұнда 15 адам бар.

Ал Атырау облыстық «Ақ Ниет» қоғамдық бірлестігі 2022 жылы құрылған. Басшысы Укаева Майгүл Жайлауханқызы. Бірлестік құрамында 100-ден астам мүшесі бар. Оның аудандағы филиалы биыл  ашылған. Құрамында-15 адам бар екен. Соңында аудан әкімі қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар басшыларына толағай табыс, бақ пен береке тіледі. Жиынға сондай-ақ аудандық мәслихат хатшысы Аманжол Рахметов, аудандық қоғамдық  кеңес төрағасы Ерболат Насимуллин, аудан әкімінің орынбасары Нұрберген Утегенов, аудан әкімі аппаратының басшысы Арманбек Махмудов қатысып жылы лебіздерін білдірді

Жұлдыз СЕМБИЕВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT