Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді айбынды да асқақ мереке – 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – ерлік пен елдік, қайсарлық пен отаншылдық ұғымдарының тоғысқан ерекше күні. Қасиетті Отанды қорғау – әр азаматтың ең мәртебелі міндеті. Тарих толқынында ел тыныштығы үшін жанын шүберекке түйіп, қан төккен бабалар ерлігі – бүгінгі ұрпаққа мұра, мәңгілік өнеге.
Бүгінде бейбіт елдің берекесін бекемдеп, мемлекеттің қорғанысын нығайтып жүрген сарбаздар мен офицерлер, сондай-ақ, өз кезінде әскер сапында болған ардагерлер – баршасы да құрметке лайық. Сіздердің қайсар мінездеріңіз, елге деген адал қызметтеріңіз – болашақ буын үшін үлкен үлгі.
Осы жолда ауданның ер-азаматтары да ел қорғанына айналып, қажырлы еңбегімен, парасат-пайымымен ел игілігіне қызмет етіп келеді.
Елдің еңсесін тіктейтін ер-азаматтарымыз аман болсын! Әр шаңырақта тыныштық пен береке орнап, туған жеріміздің көгінде көк туымыз мәңгі желбірей берсін!
Игі тілекпен, Нұрым Мусин,
аудан әкімі