Аудан әкімі әз Наурыз мерекесімен құттықтады

 

Қадірлі исатайлықтар!

Баршаңызды 22 наурыз - Ұлыстың Ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, дастархан байлығын молайтып, көңілімізді риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.

Бұл күн тіршіліктің, дәстүрлі құндылықтар аясында бірігіп, игілікті жаңа бастауларға ниет білдірудің нышаны.

Бірлік пен татулықты ту етіп, елдің, елдіктің қадір-қасиетін әрқашан бәрінен биік қоятын барша исатайлықтарды осынау ұлы мерекемен құттықтағым келеді.

Әз Наурыздың алғашқы нұры әрбір шаңыраққа бақ-береке, өзара түсіністік пен болашаққа деген сенімділік әкелсін!

Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілеймін!

Еліміз тыныш, жұртымыз аман, жылымыз берекелі болғай!

 

Ізгі ниетпен, Нұрым Мусин,  аудан әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT