Аудан әкімі Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

 

Ардақты жерлестер! Сіздерді жарқын үміт пен жаңа мүмкіндіктерге толы, тарих табалдырығын аттағалы тұрған жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын! 

Өтіп бара жатқан жыл ауданымыз үшін ізденіс пен еңбектің, табандылық пен бірліктің жылы болды. Қай салада болсын адал еңбегімен ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан еңбек адамдарына, ардагерлерге, ел ертеңі – жастарға шынайы алғысымды білдіремін. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз – ауданның бүгінгі жетістігінің негізі, ертеңгі дамуының берік тірегі.

Алдымызда жылқы жылы келе жатыр. Қазақ халқы үшін жылқы – еркіндіктің, еңбекқорлықтың, адалдық пен қайсар рухтың нышаны. Келе жатқан жыл осындай асыл қасиеттерімен елге береке әкеліп, әр шаңыраққа ырыс пен тұрақтылық дарытсын. Исатай жұрты үшін игі бастамаларға жол ашып, нақты нәтижелер мен жарқын жетістіктерге толы жыл болсын.

Жаңа жыл жаңа серпін беріп, батыл жоспарлар мен игі істердің жүзеге асуына себепкер болғай. Ауданымыздың әлеуетін арттыратын, халық игілігіне бағытталған жобалар сәтті іске асып, туған өлкеміздің көркеюі мен дамуы үздіксіз жалғасын таба берсін. Әр шаңыраққа амандық, зор денсаулық, мол табыс, ынтымақ пен шаттық тілеймін. Балаларымыздың күлкісі, жастарымыздың арманы, ел ішіндегі бірлік пен береке әрдайым баянды болсын!

Алдағы жаңа жыл құтты болсын! Жылқы жылы баршаңызға жақсылық пен құт-береке әкелсін!

 

Нұрым МУСИН,
аудан әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT