ҚҰРМЕТТІ ИСАТАЙЛЫҚТАР!
Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Жеңіс күні - тарихи естеліктер жаңғырып, болашақ ұрпаққа бейбіт күннің қадір-қасиетін өсиет ретінде жеткізетін күн. Бұл мейрам еліміздің ертеңі үшін жанын пида еткен қаһарман аға-апаларымыздың, әке-аталарымыздың ерліктерін еске түсіреді. Жеңіске жету жолында аянбай еңбек етіп, майдандағы жауынгерлерді әскери техникамен, азық-түлікпен және киім-кешекпен қамтамасыз еткен тыл еңбеккерлерінің зор үлесін де ұмытпауымыз керек деп ойлаймын.
Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен тылда еңбек еткен барша ардагерлерімізге мерекелік медальдар тағайындалып, мемлекет тарапынан біржолғы жәрдемақылар қарастырылды.
Айтулы мереке қарсаңында соғыс және тыл ардагерлерінің жанқиярлық ерліктерін бағалап, тағзым етеміз. Осы орайда ауданымыздағы ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне зор денсаулық, қажымас қайрат пен құт-береке тілеймін!
Әрдайым еліміздің аспаны ашық, болашағы жарқын болсын! Көк байрағымыз желбіреп, әнұранымыз шырқала берсін!
Игі тілекпен, Нұрым МУСИН,
аудан әкімі