«Аудан әкімін сайлау біз үшін үлкен жаңалық» дейді зейнеттегі шаруагер

Аққыстау ауылдық округіне қарасты №133 сайлау учаскесіне зейнет жасындағы шаруагер, жылқышы  Мұрат Шахуов Исатай аудан әкімін сайлауда өз таңдауын жасады.

– Ауданымыздың әлеуметтік мәселелерін шешіп, елімізді көркейту үшін бүгін тұңғыш рет әкім сайлауы өтуде. Жасыратыны жоқ бұл біз үшін үлкен жаңалық болды. Себебі бұған дейін  тағайындау арқылы әкім болса, ал бүгін халықтың қалауы мен таңдауы арқылы сайланбақ. «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деп дана халқымыз текке айтпаса керек. Сайланар әкіміміз болашақ үшін дұрыс таңдау болар деп сенемін. Ауданның көркеюі үшін талбай еңбек ететін, халықтың алғысына кенелер азамат болсын деп тілеймін,- деді ардагер Мұрат Шахуов ақжарма лебізін білдіріп.

Айта кетейік таңғы 7:00 де басталған сайлауға сайлаушылардың қатысуы қарқынды түрде жүруде. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521