ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ, АРДАҚТЫ АҒАЙЫН!
Желтоқсанның 16-сы – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні, еліміздің ең ұлық та қастерлі мерекесі.
1991 жылдың осы тарихи күнінде халқымыз сан ғасырлар бойы аңсаған арман-мұратына қол жеткізіп, өз тәуелсіздігін жариялады. Бұл — тек бір күннің емес, ұлт ретінде қалыптасу жолында талай қиындықты еңсерген бабалар ерлігінің, ел бірлігі мен рухының жеңісі. Осы күн қазақ халқының егемендігін әлемге жария еткен ұлы белес болды.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан жаңа биіктерді бағындырып, тұрақты дамудың даңғыл жолына түсті. Еліміз әлемге танылған, экономикасы қарқынды дамыған, бейбітшілікті ту еткен мемлекетке айналды. Бұл – ел бірлігі мен халқымыздың табанды еңбегінің нәтижесі.
Бүгінгі ұлық мереке — өткенге тағзым етіп, болашаққа нық қадам жасайтын күн. Аудан аумағында қызмет қылып, еліміздің дамуына үлес қосу жолында аянбай еңбектеніп жүрген баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Халқымыздың игілігі үшін атқарған істеріңіз әрдайым жемісті болсын!
Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Исатай ауданының әкімі Нұрым МУСИН


