Республика күніне орай «Жалын» мәдениет үйінде салтанатты мерекелік жиын өтті.
Шара мемлекеттік Әнұранның орындалуымен басталды. Алдымен сахна төрінде аудан әкімі Полымбет Хасанов көтеріліп, тұрғындарды Республика күні ұлттық мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Келесі кезекте Республика күніне орай ауданымыздың өркендеп, дамуына ерен еңбек сіңірген бірқатар азаматтар ұлығланды. Атап айтсақ, «Amanat» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен, аталған партияның аудандық филиалының сектор меңгерушісі Жанаргүл Жақашева, «Amanat» партиясының құрмет грамотасымен Қамысқала ауылдық округі әкімі Рафиғат Тәжиденова, аудан әкімінің алғыс хатымен Исатай ауылдық округі әкімі Асылан Ғұбаш, еңбек ардагері Насипа Тоқташ, білім саласының ардагері Әлия Фазылова, зейнеткер теміржолшы Жетпісбай Байменов, «Қамқор» қоғамдық қайырымдылық қорының төрайымы Эльза Ақжігітова, аудандық аурухананың рентген лаборанты Меңсұлу Есенғалиева, Аққыстау ауылдық округінің бас маманы Райса Саменова, «Игілік ГН» ЖШС басшысы, жеке кәсіпкер Нүркен Ғайдаров марапатталды.
Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласып, аудан өнерпаздары көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Сағыныш ҚАЙЫР