Аудан жастары үздік үштікке ілінді

Жастар – қашанда асқақ арман мен үміттің, өр намыстың символы. Қай елдің болмасын, басты капиталы халқы десек, соның ішінде жастар қоғамның жетекші күші ретінде еліміздің дамуы үшін жауапты екені сөзсіз.

Сөзіміздің дәлелі ретінде, өткен аптада облыстық «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен аудан және қала жастары арасында «Қазақша QUIZ» интеллектуалды ойыны өткізілді.

3a16e8d7-950b-468c-a491-34c303d1d45c

Ойынға облыстың барлық жастар ресурстық орталықтарынан және мәслихат депутаттары мен қоғамдық пікір көшбасшыларынан құралған «Рухтастар» командасы қатысты. Бұл ойынның негізгі мақсаты – аудан және қала жастарын біріктіріп, тығыз қарым-қатынас орнату, сондай-ақ жастардың логикаға жүгініп, ұшқыр әрі терең ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Интелектуалдық ойынға біздің аудандық жастар ресурстық орталығының жастары да белсене атсалысып, өте тартысты әрі қызықты ойын көрсетті. Ойын нәтижесі бойынша «Рухтастар» командасы І орын, Құрманғазы ауданы  ІІ орын алса, біздің аудан жастары үздік үштікті қорытындылады. 

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521