Исатай ауданында республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті

Исатай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Қазақстан республикасы Тəуелсіздігінің 30 жылдығы, И.Тайманұлының 230 жылдығына орай Атырау облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасы мен Исатай ауданы əкімдігінің ұйымдастыруымен дзюдо күресінен 2004-2006, 2006-2007 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты шараны ашып берген Исатай ауданының əкімі  Полымбет Хасанов спортшыларды мерекемен құттықтап, оларға сəтті қадам тілесе, одан кейін алған 40 жылдық тарихы бар Исатай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің негізін қалаушылардың бірі, күні кеше республикалық кəсіподақтың «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталған спорт ардагері Роллан Қадыржанов  мектептің осы күнге дейінгі тарихына тоқталып өтті.

e

Ашылу рәсімінен кейін іріктеуден сүрінбей өткен 55, 60, 66, 73 келі салмақ дəрежесінде ұлдар мен 44, 63 келі салмақ дəрежесінде қыздар ақтық сында жүлделі орындар үшін сынға түседі.

Берікбол Қонаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521