Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында күн тәртібіндегі мәселе Мемлекеттік сатып алу заңнамасына енген өзгерістер мен толықтыруларға қатысты жиын өтті.
Жиынды Исатай аудан әкімінің орынбасары Нұрберген Утегенов жүргізіп, оған облыстық Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Кабиева мен аталған мекеменің өкілдері және округ әкімдері, мектеп директоры, бөлім басшылары мен есепші мамандар қатысты.
Кездесу барысында облыстық Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының қызметтерді мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Айсара Мақсотқызы мемлекеттік сатып алу заңнамасына енген өзгерістер мен толықтырулар туралы, жаңа заңның негізгі мақсаттары мен мемлекеттік сатып алу процесстерін және мемлекеттік сатып алудағы жаңашылдықтар төңірегінде баяндама жасады.
Жиын барысында айтылған өзгерістерге қатысты қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оған сала мамандары жауап берді.
өз тілшіміз