Исатайлықтар батыр атындағы турнирде топ жарды

Исатай ауданында дзюдодан жасөспірімдер арасында республикалық турнир мәресіне жетті.

Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 30 жылдығы мен халық батыры Исатай Тайманұлының 230 жылдығына орай ұйымдастырылған жарыстың соңғы күнінде бес салмақ салмақ дəрежесі бойынша сынға түскен спортшылар марапатталды.

Дәстүрлі додада жерлестеріміз де жоғары деңгейде өнер көрсетті. Атап өтер болсақ, қыздар арасындағы сында 40 келі салмақта «Барыс» балалар жасөспірімдер денешынықтыру даярлық клубының шәкірті Інжу Жұмажан күміс жүлдеге қол жеткізсе, осы салмақта БЖСМ спортшысы Аманай Сиғуатқызы ІІІ орынды иеленді.

Ал, ұлдар арасында 42 келі салмақ дәрежесінде жерлесіміз Абзал Айбекке алтын жүлде бұйырса, ІІ орынды «Барыс» клубының палуаны Дидархан Ғайнеден еншіледі.

46 келі салмақта топқа түскен палуандар арасынан ІІ орынды БЖСМ спортшысы Қадыржан Мұхаммедали иеленді.

50 келі салмақ дəрежесінде белдескен палуандардың ішінде БЖСМ шəкірті Дүйсен Жантөре ІІІ орынды қанжығаға байлады.

Спортшылардың марапаттарын Аққыстау ауылдық округі əкімі Ғ.Боранбаев, Дзюдо күресінен əлем чемпионатының жүлдегері Қ.Шпанов, жарыс демеушісі А.Нұралин, облыстың аға жаттықтырушысы Б.Жұмабаев, Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Б.Оралбековтер тапсырды.

Жарыс соңында команда өкілдеріне Республикалық турнирдің естелік медалдарын спорт мектебінің директоры Б.Оралбеков өз қолымен табыстады.

Айта кетейік, аудан құрамасы командалық есепте бірінші орынға қол жеткізді.

Берікбол ҚОНАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT