Ауданда жаңа прокурор

Исатай ауданына прокурор болып Айтимов Руслан Өтегенұлы тағайындалды.

Жаңа прокурорды аудандық әкімдікте өткен жиында облыс прокуроры Халидолла Дәуешев таныстырды.

Р.Айтимов 1981 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Білімі - жоғары, Әлемдік экономика және қаржы институтын «заңтану» мамандығы бойынша тамамдаған. Сыныптық шені – Әділет кеңесшісі.

Еңбек жолын 2003 жылы «Ақпарат» РМК-да заңгер болып бастаған. 2004-2005 жылдары Құрманғазы ауданы прокурорының көмекшісі.

2005-2007 жылдары Атырау қаласы прокурорының әр сала бойынша көмекшісі.

2007-2008 жылдары Атырау облысы прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау бөлімі прокурорының міндетін атқарушы.

2008-2009 жылдары Атырау облысы табиғат қорғау прокурорының орынбасары.

2009-2011 жылдары Атырау облысы прокурорының қоғамдық-экономикалық саланың заңдылығын қадағалау жөніндегі облыс бойынша көмекшісі.

2012-2017 жылдары Астана қаласы прокуратурасында түрлі деңгейде қызмет атқарған.

2017 жылдан бастап Атырау облысы прокуратурасының Үкімдердің орындалу заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы.

2019 жылдың 19 тамызынан бастап Исатай ауданының прокуроры.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT