"Аудандар" құрамасы "Атырау телеарнасының кубогін" жеңіп алды

Бүгін «Абай» орталығында БАҚ қызметкерлері арасында футзалдан “Атырау телеарнасының кубогі” өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Турнирге Атырау телеарнасы, "Тауман", "Атырау-Ақпарат", "Баспахана" және "Аудандар" құрамасы қатысты.

Тартысты өткен ойында "Аудандар" құрамасы қарсылас шақ келтірмей, "Атырау телеарнасының Кубогін" жеңіп алды. Күміс жүлде "Тауман" командасына бұйырса, үшінші орынды "Атырау-Ақпарат" командасы иеленді.

Жеңімпаз команда 150 мың теңге қаржылай сыйақыға ие болса, екінші орын иегеріне 100 мың, қола жүлдегерге 70 мың теңге табысталды.

Үздік ойын көрсеткен ойыншылар түрлі номинациялармен марапатталды. "Үздік қақпашы" аталымына "Тауман" командасының ойыншысы Қанат Елеуов, "Үздік қорғаушы" аталымына "Атырау-Ақпарат" ойыншысы Әділхан Зайнеденов, "Үздік ойыншы" аталымына "Аудандар" құрамасының ойыншысы Серікбол Панабердиев ие болды.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521