Аудандық аурухана ұжымы тұсау кесу рәсімін өткізді

Әз-Наурыз күні аудандық аурухана ұжымы тұсау кесу рәсімін өткізді. Қадамын қаз-қаз басқан Зейнеп Бақытжан есімді бүлдіршіннің тұсауын кесу құрметі аудандық аурухананың 38 жылдық тәжірибесі бар медбике, алтын құрсақты ана Гүлнара Сыеховаға бұйырды. Ала жіппен тұсауы кесілген сәби алғашқы қадамын басып, ақ жаулықты аналар шашуын шашты.

 

Мерекелік шара әрмен қарай да жалғасын тауып, мәдени шараға арнайы келген аудан әкімі де медицина қызметкерлеріне жылы лебізін жеткізіп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

 Аталған мекеме ұжымы дастархан жайып, тұрғындарға наурыз көжеден дәм татқызды.

 

Сағыныш ҚАЙЫР 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521