Аудандық ауруханаға – жаңа басшы

Сәулебай Жайықұлы Байжанов Исатай аудандық ауруханасына директордың міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Ол 1967 жылы 29 мамырда Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келген. 1984 жылы Ю.Гагарин атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін, 1984-1992 жылдар аралығында Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік медициналық институтына түсіп, оны педиатрия факультетінің бала хирургі мамандығы бойынша бітіргеннен кейін, 1 жылдық интернатураны Атырау облыстық балалар ауруханасынан өткен.

Алғашқы еңбек жолын 1993-2001 жылдары Исатай аудандық орталық ауруханасында хирург маманы болып бастап, 2001-2020 жылдары Атырау облыстық балалар ауруханасында хирург, нейрохирург, радиолог мамандықтары бойынша еңбек еткен. Нейрохирург мамандығы бойынша жоғарғы санатты дәрігер. 2020 жылдан сәулелік диагностика бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

2016 жылы Денсаулық сақтау ісінің үздік төсбелгісімен марапатталған. Отбасылы, 3 баласы бар.

Өз тілшіміз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521