Ауданның бас дәрігері ауысты

Бүгін Исатай аудандық орталық аурухана директоры қызметін ауыстырды.

Тізгінін 2,5 жыл ұстап, басшылық жасаған Б.Төлегеннің басқа қызметке ауысуына байланысты медициналық құраммен жиын өткізіліп, оған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Аймурзиева мен аудан әкімі М.Мурзиев қатысты.

Облыстық басқарма басшысының айтуынша, соңғы кездері ана мен бала өлімі, қатерлі ісік ауруларының өршуі және түрлі ауралардың алдын алу бойынша екпе салдырмау фактілерінің көбейіп кетуі себепті өңір медицинасы үлкен жауапкершілік алдында тұр екен. Сол себепті білікті кадрларды ротациялық жолмен ауыстырып, бір-бірімен тәжірибе алмастыруына мүмкіндік беру қазіргі заман талабы көрінеді. Осы талаптар үдесінен шығады деген сеніммен аудандық аурухана директорының орынбасары қызметін атқарып келген тәжірибелі дәрігер, он жылдан аса еңбек өтілі бар жергілікті маман Нұргүл Қабыловаға бас дәрігерлік лауазымды атқару міндеті уақытша жүктелді.

nurgul

Азды-көпті, қызметтес болып, өңір медицинасын дамыту, халық денсаулығын сақтау және ауру-сырқаумен күрес ісінде тізе біріктіріп қызмет атқарған Б.Төлегенге әріптестері жылы лебіздерін білдіріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі. Айтқандай, Б.Төлеген енді Индер аудандық орталық ауруханасын басқаратын болды.

Аслан МҰРАТҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521