Аудиттік тексеріс нәтижесі қандай?

Мемлекеттік қаражат - елдің әлеуметтік даму қарқынын, халықтың тұрмыс сапасын, экономиканың тұрақтылығын айқындайтын ең бағалы ресурс. Сондықтан әрбір жұмсалған теңге қоғам игілігіне қызмет етуі тиіс.

Өңірде аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде жалпы 34,6 млрд теңгеден астам қаржылық және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде 18,5 млрд теңгесі – рәсімдік, 16,2 млрд теңгесі – қаржылық бұзушылықтар.

Мемлекеттік сатып алулар саласында да бірқатар заңбұзушылық тіркелген. Есепті кезеңде камералдық бақылау арқылы 10 926 сатып алу рәсімі қамтылып, оның 1 779-ында жалпы сомасы 30,4 млрд теңгенің бұзушылықтары анықталды. Анықталған кемшіліктер бойынша мемлекеттік органдарға 1729 хабарлама жолданып, барлығы толық орындалған. Бұл туралы Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Мәулен Мүтиев хабарлап отыр.

Департамент тарапынан заң талаптарын бұзған 383 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 29,9 млн теңгекөлемінде айыппұл салынды. Оның 28 млн теңгесімемлекет бюджетіне өндірілген.

Сондай-ақ, есепті кезеңде азаматтардан және ұйымдардан 654 өтініш түсіп, олардың барлығына мерзімінде жауап берілген.

Департамент ішкі аудит қызметтерінің жұмысын үйлестіру бағытында да бірқатар жұмыстарды атқарды. Атап айтқанда, ішкі аудит органдарына әдіснамалықжәне консультациялық көмек көрсетіліп, олардыңесептері мен аудиторлық материалдарына талдаужүргізілді. Сондай-ақ тоқсан сайынғы есептеркомитетке ұсынылып, мемлекеттік органдардыңбасшыларына ішкі аудит қызметі қызметкерлерініңжауапкершілігін қарау жөнінде ұсыныстар енгізілді. Мемлекеттік аудит объектілерінің жылдық тізбесіқалыптастырылып, тәуекелдерді басқарудың үлгілікжүйесін әзірлеу және бекіту жұмыстарыжүргізілді.Тоғыз айда ішкі аудит қызметі 5 аудиторлықіс-шара жүргізді. Департамент төрт аудит материалынқарап, олардың Мемлекеттік аудит және қаржылықбақылау стандарттарына ескертулермен сәйкестігінрастайтын сапа бақылауының қорытындысыншығарды. Жалпы, есепті кезең мемлекеттік қаржының тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету және бақылау жүйесін одан әрі күшейту бағытындағы жұмыстардың жүйелі түрде жүргізілгенін көрсетті,-дейді Мәулен Асқарұлы.

Айбөпе САБЫРОВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT