Ауғайранда тілсіз жау ауыздықталды (ВИДЕО)

Кеше, яғни, мамырдың 13-і күні Исатай ауданына қарасты Ауғайран елді мекенінде өрт оқиғасы тіркелді.

Ауғайран елді мекенінде ауданы 35 шаршы метр көлемінде болатын сарайдың төбе жабындысының толықтай жануы болды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы ресми парақшасында баяндады.

Онда Исатай аудандық №6 ӨСБ-нен 1 техника жеке құрамнан 4 адам жұмылдырылғандығы айтылған. Мәлеметтерге сүйенсек, жану 20 сағат 49 минутта толықтай жойылған. Зардап шеккендер жоқ.

- Мамыр айының 13-і күні Исатай ауданының №6 өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне 19 сағат 28 минутта Исатай ауданының тұрғыны 1943 жылы туған Шахуов Мұрат Шахуұлынан өзінің Исатай ауданы Ауғайран елді мекеніндегі көлемі 5/7 болатын сарайының жанып жатқандығы жөнінде хабар түсті. Исатай ауданы №1 өрт сөндіру бөлімінің 1-бөлімшесі оқиға орнына 19.49-да жетіп, 20.49-да өрт толықтай жойылды, - дейді болған оқиғаны бейнежазба арқылы баяндаған Исатай аудандық №6 ӨСБ бастығының орынбасары А/Қ капитаны Н.Насихат.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521