Ауған соғысының жауынгерлеріне арналған монумент-ескерткішке гүл шоқтары қойылды

Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі –Ауған соғысы. Биылғы 15 ақпан  күні Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толды. Бұл күн Ауған қасіретін еске алатын, жас өмірін қиған боздақтардың рухына тағзым ететін күн. Кешегі батыр бабаларымыздың заңды жалғасы бүгінгі жауынгер ағаларымыздың ерлігі -елге мұра, ұрпаққа ұран болуы шарт. Осы орайда, аудандық ардагерлер саябағында оралмаған боздақтар рухына тағзым етіп, оларға арналған монумент-ескерткішке гүлдесте қою рәсімі өткізілді.

Аталған іс-шарада гүлдесте қою рәсімін ең алғашқы болып  аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Әбежан жетекшілігімен   аудан әкімдігі аппараты бастады. Одан кейінгі кезектің реті аудандық мәслихат аппараты және депутаттарға берілді. Келесі кезекті гүл шоқтарын қою рәсімін облыстық ардагерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлішер Кулов бастаған облыс орталығы мен аудандардан келген қонақтар және дербес бөлім басшылары, сондай-ақ,  ауған соғыс ардагерлері мен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі жалғастырды. Біздің ауданымыздан 11 азамат Отан алдындағы парызына адалдық танытып, Кеңес әскері құрамында  ауған жеріндегі соғысқа қатысқаны көпшілікке белгілі. Қазіргі таңда арамызда жоқ жерлестеріміз бен ауған жерінде ерлікпен  қаза болған жауынгерлер рухын үнсіздікпен еске алды.

-Бүгін Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлеріміз бен ардагерлеріміздің ерлігін еске алуға жиналып тұрмыз. Сол сұм соғыстың аяқталғанына биыл 35 жыл толып отыр. Олардың көбі бүгінде ортамызда жоқ, қаруластарымыздың кейбірі одан кейін де түрлі себептермен өмірден өтті. Ауғанстан жеріндегі майдан - біз үшін де ел тарихында елеулі орын алатын оқиғалардың бірі. Оған қатысқан боздақтарымыздың жасаған ерлігі әрқашан жадымызда»,- деді облыстық ардагерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлішер Кулов.

 өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521