Ауыл азаматына көгілдір отын қосып берді

Фото:интернеттен

«Біз үшін Қазақстанның тәуелсіздігі – бәрінен қымбат. Осы тұрақсыз, құбылмалы әлемде Қазақстанымыз бізден басқа ешкімге керек емес. Сондықтан маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ» деген Мемлекет басшысының сөзі әрқайсымыздың жүрегімізде «менмұндалап» тұрғаны айдан анық.

Бұл әрбіріміздің Отанымызға, отандастарымызға деген жанашыр, қамқор пейілімізден де көрініс бермек. Осы мақсатпен мереке қарсаңында Қамысқала ауылдық округіне қарасты Жасқайрат елді мекенінде тұрып жатқан жалғызбасты, ауыл азаматы Жанғали Сирашевтің шаңырағында болып, үйіне табиғи газ желісін тартып беріп, бір қуантып қайттық. Бұл істе белсенділік танытқан Исатай аудандық газбен қамту бөлімінің басшысы Жеңісбек Қабиевке, дәнекерлеуші Саясат Қадировке, жеке кәсіпкер Аманжол Құлбалиевке айтар алғысымыз шексіз. Үй иесі Жанғали ағамыз да игілікті іс атқарғандарға аталық ақжарма тілегін айтып, батасын берді.

 

Әнес Сидеғалиев,

Исатай аудандық мәслихат депутаты 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT