Ауыл болашағы үшін – Атырау қаласынан арнайы келіп дауыс берді

 

Қамысқала ауылдық округіндегі әкім сайлауында ауыл тұрғындары өз таңдауларын жасап, азаматтық белсенділік танытуда. Бұл саяси науқаннан ардагер ұстаздар – Қайролла Қарабаллин мен Гүлсара Досмұхамедова да шет қалмады.

Музыка саласына өмірін арнаған Қайролла Қарабаллин ұзақ жылдар бойы Новобогат балалар саз мектебінде ұстаздық етіп, талай өнерпаздың қанатын қатайтқан. Ал жолдасы Досмұхамедова Гүлсара орыс тілі мен әдебиеті пәнінің ардагер мұғалімі. Қазіргі таңда Атырау қаласында немерелерінің қолында тұрып жатқан ардагер ұстаздар сайлау күні арнайы ауылға келіп, өз таңдауын жасады.

–Бүгін ауыл болашағын айқындайтын тарихи сәт. Әрбір тұрғынның таңдауы маңызды. Мен Атырауда тұрсам да, туған ауылымның дамуына бейжай қарай алмаймын. Сол себепті отбасыммен ақылдасып, арнайы келіп, өз дауысымды беруді азаматтық борышым деп білемін,-дейді Қайролла ағай.

Білім саласында сан жыл еңбек етіп, жас ұрпаққа тәлім берген қос ұстаздың бұл қадамы – елге деген сүйіспеншіліктің, азаматтық сана мен ұлтқа деген жауапкершіліктің айғағы.

 

Е.УАЛИТХАНҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT